Клиенттеріміздің жартысынан көбі достарының кеңесімен қосылды. Қызмет көрсету аймағымызда тұратын достарыңызға, көршілеріңізге немесе жай таныстарыңыза бізге қосылуды ұсыныңыз — және екеуіңіз де бір айлық тегін интернет аласыз!
Акцияға қатысу үшін:
1. "Қостанай кабельдік желілері" компаниясының "Интернет" қызметіне 1 айдан астам уақыт бойы қосылған болуыңыз керек немесе алғашқы пайдалану айы үшін қызметті толық көлемде төлеуіңіз керек.
2. Досыңызға жеке шарт нөміріңізді хабарлаңыз.
3. Техникалық қолдау бөліміне жүгініп, қосылу бойынша өтініш қалдырған кезде досыңыз сіздің шарт нөміріңізді көрсетуі керек.
4. Техникалық мүмкіндікті тексеріп, растағаннан кейін менеджер өтінішті ресімдейді. Досыңыз екінші айында интернетті сыйлық ретінде алады (алғашқы айын төлегеннен кейін), ал сіз оның қосылуынан кейін бір айлық тегін интернет аласыз. Акциялық айлар тек акцияға қатысушылардың шарттарына есептеліп, үшінші тұлғаларға берілмейді.
Ережелер 01.01.2026 бастап күшіне енеді.