Байланыс желісіндегі апат
14.10.2026 17:30
«Рудный–Қостанай» магистральдық байланыс желісінің учаскесінде орын алған төтенше жағдайға байланысты 08.10.2026 ж. сағат 14:56-дан бастап Лисаков қаласында, Октябрьский және Қашар кенттерінде интернет байланысы уақытша қолжетімсіз. Апатты мүмкіндігінше тез арада жою үшін барлық жауапты мамандар мен тиісті қызметтер оқиға орнына жіберілді.
1 шілдеден бастап Қашар кентінде абоненттік төлемді есептен шығару күні өзгереді
08.06.2026 15:59
Құрметті абоненттер!
1 шілдеден бастап Қашар кентінде байланыс қызметтері үшін ай сайынғы абоненттік төлемді есептен шығару тәртібі өзгеретінін хабарлаймыз.
Не өзгереді?
Бұған дейін абоненттік төлем әр айдың 15-інен 15-іне дейінгі кезең үшін есептен шығарылатын.
1 шілдеден бастап төлем әр айдың 1-інен 1-іне дейінгі кезең үшін есептен шығарылатын болады.
1 шілдеге қараған түні сіздің тарифтік жоспарыңызға сәйкес абоненттік төлемнің толық сомасы есептен шығарылады.
Қызметтердің үздіксіз көрсетілуі үшін жеке шотыңыздағы қаражат қалдығын алдын ала тексеріп, қажет болған жағдайда теңгерімді толықтыруыңызды сұраймыз.
Ұсынамыз:
* 1 шілдеге дейін теңгерімді тексеруді;
* Шығындарыңызды жоспарлау кезінде төлем күні өзгеретінін ескеруді;
* Қызметтерді үздіксіз пайдалану үшін шотыңызды уақытылы толықтырып отыруды.